Меню KDT

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жаңартылған ресми сайтын іске қосты

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ азаматтар, медициналық ұйымдар, медициналық қызметтерді жеткізушілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін анағұрлым заманауи, ыңғайлы әрі функционалды болған msqory.kz жаңартылған ресми сайтын іске қосты.
Сайтты әзірлеу барысында навигацияның қолайлылығына, мобильді құрылғыларға бейімделуіне және ең көп сұранысқа ие сервистерге жедел қолжетімділікке ерекше назар аударылды. Жаңартылған құрылымның арқасында пайдаланушылар қажетті ақпаратты оңай тауып, электрондық қызметтерді тиімді пайдалана алады.
Жаңа сайтта келесі бөлімдер ұсынылған:
«Қор туралы» – Қордың қызметі, корпоративтік басқару, есептілік, бос жұмыс орындары және мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат;
«Пациенттерге» – МӘМС және ТМККК туралы мәліметтер, медициналық қызметтер, пациенттердің құқықтары, дәрілік қамтамасыз ету, профилактика, шетелде емделу және басқа да маңызды ақпарат;
«Өнім берушілерге» – медициналық ұйымдарға арналған ақпарат, оның ішінде өнім беруші мәртебесін алу тәртібі, нормативтік құжаттар, сатып алу веб-порталы және басқа да сервистер;
«Баспасөз орталығы» – жаңалықтар, бейнематериалдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және журналистерге арналған байланыс ақпараты;
«МӘМС гиді» – азаматтардың әртүрлі санаттарына арналған дербестендірілген ақпарат және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар;
«Сервистер» – МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру, төлемдер калькуляторы, онлайн төлем жасау, төлемдерді қайтару, анықтама алу және емхананы іздеу.
Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін бір ай бойы сайттың алдыңғы нұсқасы да қолжетімді болады. Оған басты беттегі «Сайттың ескі нұсқасы» батырмасы арқылы өтуге болады.
Сайттың жаңартылуы Қордың цифрлық сервистерді дамыту және қызметінің ашықтығын арттыру жөніндегі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Жаңа портал кез келген құрылғыдан ақпаратқа жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді және пайдаланушылардың Қормен өзара іс-қимылын бұрынғыдан да ыңғайлы етеді.
Жаңартылған сайтқа өтіңіз: https://msqory.kz/ru/
Қордың ресми парақшаларына жазылыңыз:
YouTube: https://www.youtube.com/@msqory_kz
Telegram: https://t.me/medsaqtandyru
Facebook: https://www.facebook.com/msqory/
Instagram: https://www.instagram.com/msqory_kz/

Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары

Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 14.07.2026 в 10:52