Пациенттің маршрутын «жасыл дәліз» қағидаты бойынша цифрлық бақылауды енгізу
Онкологиялық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру аясында Денсаулық сақтау министрлігі пациенттің маршрутын басқарудың цифрлық құралдарын енгізуде.
«Жасыл дәліз» жүйесі медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерін - онкологиялық ауруға күдік анықталған сәттен бастап, диагностикалық зерттеулер жүргізу, мамандандырылған емдеуді бастау және кейінгі диспансерлік бақылауға дейінгі аралықты үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді.
Цифрлық мониторинг әр кезеңнен өту мерзімдерін бақылауға, ықтимал кідірістерді жедел анықтауға және пациенттердің қажетті медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұл тәсілді іске асыру онкологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға, диагноз қоюға және емдеуді бастауға дейінгі уақытты қысқартуға, сондай-ақ пациентті медициналық көмек көрсету маршрутының барлық кезеңінде жеке сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
«Жасыл дәліздің» басты қағидаты - пациент жүйемен бетпе-бет жалғыз қалмауы тиіс: оның жолының әрбір кезеңі бақылауда болады, ал көмек уақтылы және жүйелі түрде көрсетіледі.
Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

Комментариев нет
Просмотров: 4