Меню KDT

📢20 сәуір - 30 сәуір аралығында Абай облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 Халықаралық зерттеуі және TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің апробациясы басталды

📎PIRLS - 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған халықаралық зерттеу. Қазақстан атынан зерттеуге 219 мектептен 8800-ден астам оқушы қатысады. Сонымен қатар зерттеу сауалнамасына 8800 - ге жуық ата-ана, 400-ге жуық мұғалім және 219 білім беру ұйымының басшысы қатысады. Абай облысы бойынша зерттеуге 4 мектеп қатысқалы отыр.

✔️Айта кетейік, Қазақстан PIRLS зерттеуіне 2016 жылдан бері қатысып келеді. Ағымдағы циклдің ерекшелігі - зерттеудің компьютерлік форматқа көшуі. PIRLS-2026 нәтижелері 2027 жылдың желтоқсан айында жарияланып, бастауыш білім беру жүйесінің оқу бағытындағы тиімділігін бағалауға, оқыту сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге және оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

📎Сонымен қатар, еліміздің 10 өңірінде 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша білімін бағалауға бағытталған TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің апробациясы өтеді. Апробацияға 35 мектептен 2500-ден астам оқушы қатысады. Тестілеу компьютерлік форматта жүргізіледі. Зерттеуге Абай облысынан 3 мектеп қатысқалы отыр.

📝TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі 2027 жылдың сәуі-мамыр айларына жоспарланған. Алынған деректер оқу бағдарламаларын жетілдіруге, мектептер мен педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Комментариев нет
Просмотров: 15
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 20.04.2026 в 10:28