Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні
28 шілдеде Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. 2026 жылдың ұраны – «Бір өмір – бір бауыр» – бауыр денсаулығының алдын алу, уақтылы диагностикалау және емдеуге байланысты екенін еске салады.
Бауыр – ағзаны уыттардан тазартатын, зат алмасуға қатысатын және оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін өмірлік маңызды мүше. Вирустық гепатиттердің қауіптілігі – олардың ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтіп, біртіндеп бауыр циррозы мен бауыр обырына әкелуі мүмкіндігінде.
Ең көп таралған түрлері – А, В және С вирустық гепатиттері. А және В гепатиттерінің алдын вакцинация арқылы алуға болады, ал С гепатиті бүгінгі таңда дер кезінде анықталған жағдайда заманауи вирусқа қарсы препараттармен сәтті емделеді.
Қауіп тобына жататын адамдар өз денсаулығына ерекше көңіл бөліп, В және С вирустық гепатиттеріне жүйелі түрде тексеруден өтіп тұруы қажет.
Өзіңізді қорғауға көмектесетін қарапайым шаралар:
-А және В гепатиттеріне қарсы вакцинация;
-жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
-тек стерильді медициналық және косметологиялық құралдарды пайдалану;
-қауіпсіз мінез-құлық және тұрақты профилактикалық тексерулерден өту.
Есіңізде болсын: вирустық гепатиттердің алдын алуға, оларды дер кезінде анықтауға және тиімді емдеуге болады. Ұзақ жылдар бойы өмір сапасын сақтау үшін бауырыңыздың денсаулығына бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз.
Бір өмір – бір бауыр. Оны қорғаңыз!
Сіздің жұмыс берушіңіз МӘСҚ –на аударым төлейтінін қалай білуге болады

Комментариев нет
Просмотров нет