Электрондық медициналық кітапша eGov Mobile және Halyk қосымшаларында қолжетімді болды
Қазақстанда электрондық жеке медициналық кітапшалар сервисі іске қосылды. Енді міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткені туралы мәліметтер цифрлық форматта қолжетімді, бұл процесті қызметкерлер үшін де, жұмыс берушілер үшін де анағұрлым ыңғайлы етеді.
Электрондық медициналық кітапшаны eGov Mobile мобильді қосымшасынан, сондай-ақ Halyk мобильді қосымшасынан табуға болады. Соның арқасында қағаз түріндегі медициналық кітапшаны өзіңізбен бірге үнемі алып жүрудің қажеті жоқ, ал оның жоғалу қаупі толықтай жойылады.
Жаңа сервис міндетті медициналық қарап-тексерулерден өтуді бақылауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілер мен уәкілетті органдар қызметкерлердің медициналық рұқсаттарының өзектілігін жедел тексере алады. Медициналық қарап-тексерулердің мерзімі өтіп кеткені анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.
Электрондық медициналық кітапшалардың іске қосылуы санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың бірыңғай цифрлық жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылды, ол төмендегі бағыттарды біріктіреді:
-мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;
-халықтың декреттелген топтары қызметкерлерінің медициналық қарап-тексерулері;
-зертханалық зерттеулердің нәтижелері;
-кәсіпорындардағы өндірістік бақылау;
-халықты вакцинациялау мониторингі.
Құрметті пациенттер!
Егер сіздің кәсіби қызметіңіз жеке медициналық кітапшаның болуын талап етсе, міндетті медициналық қарап-тексерулерден уақытылы өтіп, электрондық форматтағы мәліметтердің өзектілігін қадағалаңыз. Профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту немесе кеңес алу қажет болған жағдайда біздің емханаға жүгіне аласыз.
Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Комментариев нет
Просмотров: 1