Меню KDT

Балаларды қорғаңыз: баланың терезеден құлап кетуінің алдын алу жолдары

Балалардың терезеден құлап кетуі тұрмыста ауыр жарақаттардың ең жиі кездесетін себептерінің бірі болып қала береді. Мұндай оқиғалар санаулы секундтар ішінде орын алады, ал үлкендердің бір сәтке ғана қарауынсыз қалуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Балаңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін негізгі қауіпсіздік ережелерін еске саламыз:
-Терезелерді арнайы қорғаныс құралдарынсыз ашық қалдырмаңыз. Желдету үшін микрожелдету режимін пайдаланыңыз немесе терезені тек арнайы шектеуіштер орнатылған жағдайда ғана ашыңыз.
-Масаға қарсы торларға сенбеңіз. Олар тек жәндіктерден қорғауға арналған және баланың салмағын көтере алмайды.
-Жиһазды терезеден алыс орналастырыңыз. Кереуеттер, орындықтар, комодтар және басқа да жиһаздар бала үшін терезе алдына шығатын «баспалдаққа» айналуы мүмкін.
-Қорғаныс құралдарын орнатыңыз: терезе шектеуіштері, бұғаттағыштар, арнайы құлыптар, кілтпен жабылатын тұтқалар, қорғаныс торлары немесе басқа да сертификатталған қауіпсіздік құрылғылары.
-Ойын аймағын терезеден алыс ұйымдастырыңыз, сонда бала терезе алдына шығуға ұмтылмайды.
-Балалармен үнемі әңгімелесіңіз, ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз.
Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым сақтық шаралары жазатайым оқиғаның алдын алып, ең қымбат қазына – балаңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Балаларыңызды қорғаңыз! Оларды ашық терезенің жанында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
 
Кенеттен қызметкерге аударым жасамайтын жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылады

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 31.07.2026 в 12:16