Меню KDT

Емшекпен емізу – бала денсаулығына жасалатын ең үздік қамқорлық

Емшекпен емізу – баланың дамуының ең маңызды әрі табиғи кезеңдерінің бірі. Ана сүті – нәресте үшін ең мінсіз тағам: ол оның қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді, құрамында барлық қажетті қоректік заттар, дәрумендер мен антиденелер бар. Олар баланың иммунитетін нығайтып, жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі.
Емшекпен емізудің ана үшін пайдасы:
-босанғаннан кейін ағзаның тезірек қалпына келуіне ықпал етеді;
-босанғаннан кейінгі депрессияның даму қаупін төмендетеді;
-сүт безі мен аналық без обырының пайда болу қаупін азайтады;
-остеопороздың, жүрек-қан тамырлары ауруларының және қант диабетінің даму қаупін төмендетеді.
Емшекпен емізудің бала үшін пайдасы:
-иммундық жүйені нығайтып, жұқпалы аурулардан қорғайды;
-асқазан-ішек жолының дұрыс дамуына және ішектің пайдалы микрофлорасының қалыптасуына ықпал етеді;
-жедел респираторлық аурулардың даму қаупін төмендетеді;
-баланың үйлесімді физикалық, танымдық және сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал етеді;
-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) ұсынымдарына сәйкес, нәрестені өмірінің алғашқы алты айында тек ана сүтімен қоректендіру ұсынылады. Қосымша тағам енгізілгеннен кейін де, ана мен баланың қалауы бойынша, емшекпен емізуді екі жасқа дейін және одан да ұзақ жалғастырған жөн.
Емшекпен емізу – баланың денсаулығының, үйлесімді өсуі мен толыққанды дамуының сенімді негізі. Ана сүті бірегей және оның баламасы жоқ. Емшекпен емізуді қолдау – болашақ ұрпақтың денсаулығына қосылған маңызды үлес.
 
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 31.07.2026 в 14:16