Меню KDT

73 мектеп-лицейінде «ӘКЕ – ТӘРБИЕ ТІРЕГІ, ЗАҢ – ТӘРТІП КЕПІЛІ» тақырыбында Әкелер кеңесі мен «Болашақ прокурорлар клубы» жобасының жылдық қорытынды форумы жоғары деңгейде өтті.



Форумның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін насихаттау болды.

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған квест ойынында ЕНУ дың Заң факультетінің студенттері де белсене қатысып, командалық ойында өз ойларымен бөлісті.

Іс-шараға №102, №93, №72 мектептерден әкелер мен оқушылар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, «Болашақ прокурорлар клубының» көшбасшылары қатысты.

https://www.instagram.com/p/DYEmsdpjWYI/?igsh=MXducmdqOGVkMGgwOA==


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: 73.astana-bilim.kz
Добавлено: 08.05.2026 в 10:43