Емшекпен қоректендіруді қолдау апталығы: 2026 жылғы 3–9 тамыз
2026 жылғы 3–9 тамыз аралығында Емшекпен қоректендіруді қолдау апталығы өтеді. 2026 жылғы Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығының тақырыбы – «Емшекпен қоректендіруге басымдық беру: тұрақты қолдау жүйелерін құру». Оның мақсаты – әрбір әйелдің баласын қажетті уақыт бойы емізуіне қолайлы жағдай жасау үшін медицина қызметкерлерінің, отбасының, жұмыс берушілердің және қоғамның күш-жігерін біріктіру.
Емшекпен қоректендіру – баланы өмірінің алғашқы күндерінен бастап тамақтандырудың ең табиғи әрі тиімді тәсілі. Ана сүті нәрестенің қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді, оның құрамында иммунитетті нығайтып, инфекциялардан қорғайтын және баланың дұрыс өсіп, дамуына ықпал ететін барлық қажетті қоректік заттар мен антиденелер бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) мыналарды ұсынады:
- емшекпен қоректендіруді бала туғаннан кейінгі алғашқы сағатта бастау;
- өмірінің алғашқы алты айында баланы тек ана сүтімен қоректендіру;
- қосымша тағам енгізілгеннен кейін де, ана мен баланың қалауы бойынша, емшекпен қоректендіруді екі жасқа дейін және одан да ұзақ жалғастыру.
Емшекпен қоректендірудің бала үшін пайдасы:
- иммундық жүйені нығайтады;
- инфекциялық аурулардың қаупін төмендетеді;
- баланың дұрыс өсіп, дамуына ықпал етеді;
- болашақта семіздік пен созылмалы аурулардың даму қаупін азайтады;
- ана мен бала арасындағы тығыз эмоциялық байланысты қалыптастырады.
Ана үшін емшекпен қоректендіру босанғаннан кейін ағзаның тезірек қалпына келуіне көмектеседі, босанғаннан кейінгі депрессияның, сондай-ақ сүт безі мен аналық без обырының даму қаупін төмендетеді.
Мамандар баланы туғаннан кейін бірден емшекке ерте салуды, ана мен нәрестенің бірге болуын, баланы сұранысы бойынша емізуді және медициналық көрсетілімсіз бөтелке мен емізікті қолданбауды ұсынады.
Емшекпен қоректендіруді қолдау – баланың, ананың және болашақ ұрпақтың денсаулығына қосылған үлес.
Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады
2026 жылғы 3–9 тамыз аралығында Емшекпен қоректендіруді қолдау апталығы өтеді. 2026 жылғы Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығының тақырыбы – «Емшекпен қоректендіруге басымдық беру: тұрақты қолдау жүйелерін құру». Оның мақсаты – әрбір әйелдің баласын қажетті уақыт бойы емізуіне қолайлы жағдай жасау үшін медицина қызметкерлерінің, отбасының, жұмыс берушілердің және қоғамның күш-жігерін біріктіру.
Емшекпен қоректендіру – баланы өмірінің алғашқы күндерінен бастап тамақтандырудың ең табиғи әрі тиімді тәсілі. Ана сүті нәрестенің қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді, оның құрамында иммунитетті нығайтып, инфекциялардан қорғайтын және баланың дұрыс өсіп, дамуына ықпал ететін барлық қажетті қоректік заттар мен антиденелер бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) мыналарды ұсынады:
-емшекпен қоректендіруді бала туғаннан кейінгі алғашқы сағатта бастау;
-өмірінің алғашқы алты айында баланы тек ана сүтімен қоректендіру;
-қосымша тағам енгізілгеннен кейін де, ана мен баланың қалауы бойынша, емшекпен қоректендіруді екі жасқа дейін және одан да ұзақ жалғастыру.
Емшекпен қоректендірудің бала үшін пайдасы:
-иммундық жүйені нығайтады;
-инфекциялық аурулардың қаупін төмендетеді;
-баланың дұрыс өсіп, дамуына ықпал етеді;
-болашақта семіздік пен созылмалы аурулардың даму қаупін азайтады;
-ана мен бала арасындағы тығыз эмоциялық байланысты қалыптастырады.