Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» ШЖҚ МКК Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы
Еңбекке ақы төлеу мөлшері (педагогикалық еңбек өтілімі, білімі, санаты бойынша) 160 000 – 200 000 теңге.
5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» (бұдан әрі-Қағидалар) 153-тармағына сәйкес Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесетойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші барсертификат;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқытушеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиістімамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілібар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойыншапедагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттыңтолтырылған бағалау парағы;
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынанұсыным хат.
Қағидалардың 155-тармағына сәйкес «Осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.».
6. Қағидалардың 154-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Ескерту: Қағидалардың 170-тармағына сәйкес кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныса алады.