Артериялық гипертензия: анықтау және бақылау маңызды
Артериялық гипертензия - ең кең таралған созылмалы аурулардың бірі. Бүгінде Қазақстанда шамамен 1,5 миллион адам жоғары артериялық қысыммен өмір сүреді.
Гипертензияның басты қауіптілігі - ауру ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін, бірақ біртіндеп жүрекке, қан тамырларына, миға және бүйрекке зақым келтіреді. Уақтылы ем қабылдамаған жағдайда инсульт, миокард инфарктісі және басқа да жүрек-қан тамырлары асқынуларының даму қаупі артады. Қазақстанда жыл сайын осындай 50 мыңнан астам асқыну жағдайы тіркеледі.
Нені білу маңызды?
Артериялық гипертензияны тиімді бақылау - бұл дәрігерге бір рет қаралу ғана емес, тұрақты медициналық бақылауды, жүйелі тексерулерден өтуді және дәрігер тағайындаған емді сақтауды талап етеді.
2026 жылдан бастап артериялық гипертензияны динамикалық бақылау және емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне енгізіледі.
МӘМС аясында пациенттерге келесі медициналық қызметтер қолжетімді болады:
-кардиологтың кеңесі;
-диагностикалық зерттеулер (тәуліктік артериялық қысымды мониторингтеу - ТАҚМ, холтерлік ЭКГ мониторингі);
-зертханалық тексерулер;
-дәрілік терапия;
-медициналық көрсетілімдер болған жағдайда асқынуларды емдеу.
Медициналық көмекті уақытылы алу және күтпеген шығындардың алдын алу үшін МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесінің болуын алдын ала тексеруді ұсынамыз.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

Комментариев нет
Просмотров: 1