Емшекпен қоректендіру туралы маңызды білім
Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығы аясында № 5 емхананың «Босануға дайындық» Денсаулық мектебінде болашақ аналарға арналған тақырыптық кездесу өтті. Іс-шара әйелдердің емшекпен қоректендірудің артықшылықтары туралы хабардарлығын арттыруға және ана болудың ең маңызды кезеңдерінің біріне дайындауға бағытталды.
Кездесу барысында мамандар емшекпен қоректендірудің ана мен бала денсаулығына пайдасы, оның сәбидің дұрыс өсіп-жетілуіндегі, иммунитетін нығайтудағы және ана мен жаңа туған нәресте арасындағы тығыз эмоционалдық байланысты қалыптастырудағы рөлі туралы айтып берді.
Болашақ аналар емшекпен қоректендіруге дайындалу, нәрестені кеудеге дұрыс салу техникасы, лактация кезеңіндегі тамақтану ерекшеліктері, сондай-ақ жаңа туған нәрестеге күтім жасау бойынша практикалық ұсынымдар алды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан білікті жауаптар алды.
Емханада болашақ ата-аналарды қолдауға және емшекпен қоректендіруді ана мен бала денсаулығының маңызды негізі ретінде насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу жалғасуда.
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары