Өзін-өзі төлеуші: МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін қалай алуға болады
Өзін-өзі төлеушілер санатына тұрақты жұмысы жоқ, мемлекет жарналарын төлейтін халықтың жеңілдікті санаттарына жатпайтын және басқа санаттар бойынша төлеуші болып табылмайтын жеке тұлғалар жатады.
2026 жылғы жарна мөлшері
2026 жылы өзін-өзі төлеушілер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) ай сайынғы жарна мөлшері 4 250 теңгені құрайды — ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5%-ы.
Төлем тағайындау коды (ТТК) — 122.
Жарналарды қайда төлеуге болады?
МӘМС жарналарын:
-екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде және олардың мобильді қосымшалары арқылы;
- «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде;
-МӘМС жарналарын төлеуді қолдайтын өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы төлеуге болады.
Төлем жасау кезінде төлеушінің ЖСН-ін және басқа да төлем деректемелерін дұрыс көрсету қажет. Төлем жасалғаннан кейін қолжетімді электрондық сервистер арқылы сақтандырылған мәртебесін тексеру ұсынылады.
Сақтандырылған мәртебесін қалай алуға болады?
Сақтандырылған мәртебесін алу үшін 12 ай қатарынан төленген жарналардың болуын қамтамасыз ету қажет.
Егер өткен айларда төленбеген кезеңдер болса, өзін-өзі төлеуші келесі тәсілдердің бірін пайдалана алады:
Берешекті өтеу.
Төлем жасалған күнге дейінгі 12 ай шегінде төленбеген айлар үшін жарналарды төлеу қажет. Осыдан кейін сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін ай сайынғы төлемдерді уақтылы төлеп отыру маңызды.
Алдағы 12 айға жарналарды алдын ала төлеу.
Келесі 12 ай үшін жарналарды төлеген жағдайда өткен кезеңдегі берешекті өтеу талап етілмейді. Бұл тәсіл төленген кезеңге сақтандырылған мәртебесін алуға мүмкіндік береді.
Маңызды!
Бірнеше ай үшін жарналарды төлеген кезде әр айға жеке төлем жасау қажет. Бұл ақпараттық жүйеге түскен қаражатты тиісті кезеңдер бойынша дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ төлем мерзімін сақтау қажет: өзін-өзі төлеушілер жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.
Жарналарды уақтылы төлеу - сақтандырылған мәртебесін сақтаудың және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмекке қолжетімділіктің кепілі.
Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Комментариев нет
Просмотров нет