Меню KDT

Көзге жасалатын операциялар: МӘМС нені қамтиды

Егер сізде көру қабілетіне байланысты мәселелер туындаса, алдымен емханадағы учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Ол сіздің жағдайыңызды бағалап, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда офтальмологқа жолдама береді.
Алғашқы кезеңде қажетті тексерулер жүргізіледі: оптикалық когеренттік томография, биомикроскопия, циклоскопия және басқа да диагностикалық зерттеулер. Осыдан кейін пациент офтальмологтың консультациясынан өтеді.
Тексеру нәтижелері бойынша дәрігер одан әрі емдеу тактикасын және операция жасау қажеттілігін анықтайды.
Емдеу мынадай форматтарда жүргізілуі мүмкін:
амбулаториялық түрде – ауруханаға жатқызусыз;
күндізгі стационар жағдайында – соның ішінде көз бұршағын ауыстыру операциялары;
тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда – мысалы, глаукома және көздің басқа да аурулары кезінде лазерлік араласулар.
МӘМС қандай көз операцияларын қамтиды?
МӘМС аясында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда:
✔ көру мүшесінің жарақаттары кезінде жасалатын операциялар;
✔ глаукома кезінде жасалатын операциялар;
✔ катаракта кезінде жасалатын операциялар, оның ішінде көз бұршағын ауыстыру;
✔ көздегі жаңа түзілімдерді алып тастау;
✔ медициналық көрсетілімдер бойынша басқа да офтальмологиялық операциялар жүргізіледі.
МӘМС бойынша медициналық көмек алу үшін өз емханаңызға жүгініп, дәрігердің тағайындауы бойынша тексеруден өту маңызды.
 
ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан), шетелдіктерге, еңбек мигранттарына арналған медициналық  көмектің көлемімен пайдалана алады.

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 14.08.2026 в 15:17