Тамақтан улану
Тамақтан улану - сапасыз, бұзылған немесе улы өнімдер мен сусындарды тұтынудан туындайтын ас қорытудың жедел бұзылуы.
Негізгі белгілері
Тамақтан уланудың ең көп таралған белгілері:
-іш өту;
-дене қызуының көтерілуі;
-іштің ауыруы;
-бас айналу;
-жүрек айну;
-құсу.
Айқын белгілер пайда болғанда, жағдай нашарлағанда немесе сусыздану белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгіну қажет.
Тамақтан уланған кезде не істеу керек?
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде:
-тыныштықты қамтамасыз ету;
-сұйықтықты аз мөлшермен, бірақ жеткілікті көлемде ішу;
-жағдайды бағалау және қажетті ұсыныстар алу үшін дәрігерге жүгіну;
-асқазанды шаюды тек медицина маманының ұсынысы бойынша жүргізу.
Өз бетінше емделмеңіз, әсіресе қатты құсу, дене қызуының жоғарылауы, іштің қатты ауыруы, нәжісте қанның болуы немесе сусыздану белгілері байқалған жағдайда.
Тамақтан уланудың алдын алу
Тамақтан улану қаупін азайту үшін:
-қолыңызды үнемі жуыңыз;
-шикі өнімдерді дайын тағамдардан бөлек ұстаңыз;
- өнімдерді мұқият қуырыңыз және қайнатып пісіріңіз;
-асүйдегі тазалықты сақтаңыз;
-өнімдердің жарамдылық мерзімін тексеріңіз;
-өнімдерді сақтау шарттарын сақтаңыз;
-қауіпсіз ауыз суды пайдаланыңыз.
Есте сақтаңыз: гигиена ережелерін сақтау және тағам өнімдерін қауіпсіз пайдалану денсаулықты сақтауға және тамақтан уланудың алдын алуға көмектеседі.
Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!
МӘМС-ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Комментариев нет
Просмотров: 1