Магниттік дауылдар: жақсы көңіл-күй мен денсаулықты қалай сақтауға болады
Ауа райының күрт өзгеруі, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық жағдайына әсер етуі мүмкін. Бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, ұйқышылдық, қан қысымының ауытқуы, ұйқының бұзылуы, мазасыздық және буындардың ауыруы байқалуы мүмкін.
Ағзаға қалай қолдау көрсетуге болады?
-Ұйқы және демалыс тәртібін сақтаңыз.
-Жеткілікті мөлшерде су ішіңіз.
-Уақытылы және теңгерімді тамақтаныңыз.
-Алкогольді және кофеинді шамадан тыс тұтынуды шектеңіз.
-Күйзелістен және шамадан тыс физикалық жүктемелерден аулақ болыңыз.
-Қалыпты физикалық белсенділікті сақтаңыз.
-Дәрігер ұсынған жағдайда қан қысымы мен тамыр соғуын бақылаңыз.
-Тағайындалған дәрі-дәрмектерді қатаң белгіленген тәртіппен қабылдаңыз.
«Метеосезімталдыққа қарсы» дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) немесе тыныштандыратын дәрілерді өз бетінше қабылдамаңыз.
Кеуде тұсында қатты ауырсыну, ентігу, сөйлеу немесе көру қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдардың ұюы, есінен тану немесе жағдайдың күрт нашарлауы байқалса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.
Маңызды: денсаулық жағдайының нашарлауы әрдайым ауа райының немесе магниттік дауылдардың әсерінен бола бермейді. Симптомдар қайталанған жағдайда дәрігерге қаралу ұсынылады.
Сіздің жұмыс берушіңіз МӘСҚ –на аударым төлейтінін қалай білуге болады

Комментариев нет
Просмотров нет