Меню KDT

⚜️ Білім беру уақыт кезеңімен өзгеріп отырады, бірақ оның негізгі миссиясы өзгеріссіз қалады - еліміздегі жеке тұлға мен адами капиталдың дамуына қолайлы жағдай жасау.


⚜️ Білім беру уақыт кезеңімен өзгеріп отырады, бірақ оның негізгі миссиясы өзгеріссіз қалады - еліміздегі жеке тұлға мен адами капиталдың дамуына қолайлы жағдай жасау.
14 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында «Жаңа Халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты Солтүстік Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті.
🔰 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменова өз бейнеүндеуінде білім беру жүйесін дамытудың келесі жылға арналған негізгі бағыттарын атап өтті.
Конференция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Ж.П. Қарамбаев, ҚР Премьер-министрі орынбасарының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің кеңесшісі, EdCrunch негізін қалаушы Н.М. Қиясов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетов қатысты.
🔰 Практикалық шешімдерге - мектептердің тәжірибесіне, болашақ дағдыларын дамытуға, құндылық тәрбиесіне және білім беру ортасын инвестициялауға ерекше назар аударылды.
Конференция өңірдің білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан педагогтер мен білім беру ұйымдарын марапаттау рәсімімен аяқталды.
Баршаңызды оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!


Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 14.08.2026 в 15:57