Меню KDT

Ботулизм: өзіңізді қалай қорғауға болады

Ботулизм - Clostridium botulinum бактериясының токсинінен туындайтын ауыр жұқпалы ауру. Көбінесе жұқтыру дұрыс дайындалмаған немесе дұрыс сақталмаған үй консервілерін, тұздалған өнімдерді, саңырауқұлақтарды, ет пен балықты тұтынумен байланысты.
Негізгі белгілері
Алғашқы белгілер жұқтырылған өнімді тұтынғаннан кейін бірнеше сағат немесе күннен кейін пайда болуы мүмкін:
-әлсіздік, жүрек айнуы, іштің ауыруы;
-көрудің бұзылуы, көздің қосарланып көруі;
-ауыздың құрғауы;
-жұтыну мен сөйлеудің қиындауы;
-бұлшықет әлсіздігінің күшеюі және тыныс алудың бұзылуы.
Ботулизм өмірге қауіпті! Өзіне тән белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Ауруды қалай алдын алуға болады?
Ісінген, зақымдалған немесе күмәнді консервілерді пайдаланбаңыз. Үй жағдайында консервілеу және өнімдерді сақтау ережелерін сақтаңыз. Қауіпсіздігіне күмән келтіретін өнімдерді дәмін татып көрмеңіз.
Есте сақтаңыз: медициналық көмекке уақтылы жүгіну өмірді сақтап қалуы мүмкін!
 
Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 25.08.2026 в 16:09