Меню KDT

Бронх демікпесінің себептері

Бронх демікпесі – пайда болуына және асқынуына әртүрлі арандатушы факторлар әсер етуі мүмкін тыныс алу жолдарының ауруы.
Негізгі қауіп факторлары:
Үй-жайдағы аллергендер:
үй шаңы, жануарлардың жүні мен қайызғағы, балықтарға арналған құрғақ жем, аквариум өсімдіктері, құстардың мамығы.
Сыртқы ортадағы аллергендер:
гүл тозаңы және зең.
Инфекциялар:
тыныс алу жолдарының вирустық және бактериялық аурулары.
Темекі түтіні:
белсенді және пассивті темекі шегу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Химиялық тітіркендіргіштер:
адам жұмыс орнында байланыста болуы мүмкін әртүрлі заттар.
Ауа райы факторлары:
жоғары ылғалдылық, жел және температураның күрт өзгеруі.
Ауаның ластануы:
тұрғын үй-жайлардағы және өндірістегі ластанған ауа тыныс алу мүшелеріне де кері әсер етуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, әлемде шамамен 235 миллион адам демікпеден зардап шегеді.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Тыныс алу жүйесінің денсаулығына қамқорлық жасаңыз және деніңіз сау болсын!
 
МӘМС-ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 25.08.2026 в 16:22