⚜️ 2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында «Адами капитал, білім беру, прогресс – Халық Конституциясының негізгі құндылықтары» тақырыбында педагог қызметкерлердің жыл сайынғы Республикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстанның барлық өңірлерінен білім беру жүйесінің өкілдері қатысты.
Конференция жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесінің делегаттары қатысты.
«Жаңа қадам» жас педагогтер қауымдастығы атынан пленарлық бөлімде өскелең ұрпақты тәрбиелеу, жаңа Халық Конституциясының құндылықтарын және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелеріндегі жас педагогтің миссиясы туралы «ЛОРД» облыстық мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Р. Гиричев сөз сөйледі.
Конференцияның маңызды оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың қатысуы және кәсіби жетістіктері үшін педагогтерді салтанатты түрде марапаттауы болды. Біздің облыс ҰБТ-ның жоғары нәтижелері үшін атап өтілді. Жамбыл ауданының білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің директоры М.Г. Шерстобитова мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Облысымыздың Әдістемелік орталығының, әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, сондай-ақ өңір педагогтері түрлі бағыттар бойынша панельдік секциялардың жұмысына қатысты.
Комментариев нет
Просмотров: 7