Меню KDT

🔷 Жасанды интеллект жай ғана технологиялық тренд болудан қалып, жаңа білім беру шынайылығының бір бөлігіне айналуда – ол оқытуға, басқаруға, бағалауға және педагогтің кәсіби қызметіне деген көзқарастарды өзгертуде. Дәл осы тақырыпқа «Білім берудегі жасанды интеллект: Президент Жарлығынан заманауи білім беру практикасына дейін» атты секция арналды. Секция педагогтерді, мемлекеттік органдардың, IT-компаниялардың өкілдерін және білім беру технологияларын әзірлеушілерді біріктірді.

Солтүстік Қазақстан облысынан секция жұмысына Білім басқармасының бас маманы – Садвакасова Ж.Д., Әдістемелік орталық директорының орынбасары – Кусаинова Г.Е., сондай-ақ информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Талқылау барысында бірнеше маңызды бағыттар қарастырылды:
• мемлекеттік саясат және білім беруді цифрлық трансформациялау;
• педагог пен білім алушының жаңа AI-құзыреттері;
• білім беруді дербестендіру және жеке білім беру траекторияларын қалыптастыру;
• деректер мен жасанды интеллект негізінде мектепті басқару;
• цифрлық білім беру контенті және заманауи білім беру платформалары;
• жасанды интеллектті қауіпсіз, жауапты және этикалық тұрғыдан пайдалану.
Секция аясында отандық цифрлық сервистермен, AI-шешімдермен, білім беру платформаларымен және заманауи цифрлық контентпен танысуға мүмкіндік берген интерактивті көрме ұйымдастырылды.
Педагогтердің практикалық тәжірибесі көрсеткендей, мұғалім білім алушының ойлау қабілетін қалыптастыратын, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға көмектесетін, педагогикалық шешімдер қабылдайтын және білім берудің құндылықтары мен сапасына жауап беретін негізгі тұлға болып қала береді. Жасанды интеллект уақытты үнемдеуге, оқушының білім алудағы қажеттіліктерін анықтауға және педагогтің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесетін құралға айналуда.
Секция қорытындысы бойынша жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу жөніндегі ұсынымдар және педагогтердің AI-құзыреттерін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 26.08.2026 в 10:56