⚜️Астана қаласында Жаңа халықтық Конституцияның құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға арналған Тамыз кеңесі өтті.

Астана қаласында Жаңа халықтық Конституцияның құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға арналған Тамыз кеңесі өтті.

Кеңес барысында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, өскелең ұрпаққа ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту, заңға құрметпен қарау, жауапкершілік пен адалдықты қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық мәдениетті дамыту бағыттары талқыланды.

«Адал азамат» – адалдық пен жауапкершілікке,
«Заң және тәртіп» – құқықтық мәдениет пен заңға құрметке,
«Таза Қазақстан» – тазалық пен елге деген ортақ жауапкершілікке бастайды.

Тамыз кеңесі – педагогтердің тәжірибе алмасып, жаңа міндеттерді айқындап, білім мен тәрбие сапасын арттыруға бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.

Білімді ұрпақ – адал қоғамның, ал адал қоғам – мықты мемлекеттің негізі!
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 27.08.2026 в 11:01