📚Сабақтастық — бұл бір сыныптан екінші сыныпқа жай ғана көшу емес, әрбір баланың қол жеткізген нәтижелерін сақтап, жаңа білім беру жетістіктеріне сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.
📚Сабақтастық — бұл бір сыныптан екінші сыныпқа жай ғана көшу емес, әрбір баланың қол жеткізген нәтижелерін сақтап, жаңа білім беру жетістіктеріне сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.
27 тамызда жаңа оқу жылы қарсаңында бастауыш және негізгі мектеп арасындағы «Сапаны сақтау» сабақтастық жобасын іске асыру аясында «4–5-сыныптар сабақтастығы: бейімделу және білім беру нәтижелерін сақтаудың тетіктері» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарға облыстың білім беру ұйымдарының әдіскерлері, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары және педагогтері қатысты.
🔹Практикалық мәселелер қарастырылды: бастауыш және негізгі мектеп арасындағы сабақтастықты ұйымдастыру, сабақтастық үдерісін басқару, бесінші сынып оқушыларының бейімделуін психологиялық сүйемелдеу, математикалық білім берудегі сабақтастық, оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін, дербестігін және негізгі құзыреттерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
🎯Білім беру нәтижелерін сақтауға ерекше назар аударылды. Оқушылардың 4-сыныптан 5-сыныпқа өту кезеңінде қол жеткізген білім беру нәтижелерін сақтау, бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету мәселелері баса айтылды.
📅 Жаңа оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары айқындалды: 5-сыныптарда ата-аналар жиналыстарын өткізу, сабақтарға өзара қатысу, бесінші сынып оқушыларының бейімделуіне арналған онкүндік ұйымдастыру, оқу жылы бойы білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу, жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және педагогикалық консилиумдар өткізу.
💡Аудандық семинарлар өткізу ұсынылды. Семинарлар барысында сабақтастықты ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерін таратуға, оның ішінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының, педагог-психологтардың және математика пәні мұғалімдерінің озық тәжірибесін насихаттауға басымдық беру ұсынылды.