Меню KDT

Медициналық көмекті қаржыландыру процестерін цифрландыру.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландырудың төрт негізгі бизнес-процесін: жоспарлау, сатып алу, мониторинг жүргізу және ақы төлеу процестерін бірыңғай Qalqan цифрлық сервисіне кезең-кезеңімен көшіруді жалғастыруда.
Маңызды атап өту қажет, медицина қызметкерлері өздеріне үйреншікті медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуді жалғастыруда.
Qalqan ақпараттық жүйелерден көрсетілген медициналық көмек туралы қажетті мәліметтерді автоматты түрде алады, бұл ретте оларды қайтадан қолмен енгізуді талап етпейді және медицина қызметкерлерін емдеу жұмысынан алаңдатпайды.
Бірінші кезеңде медициналық көмекке ақы төлеу процесін цифрлық платформаға көшіру жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Qalqan арқылы ақы төлеудің толық циклі Астана қаласының үш медициналық ұйымының базасында өткізілді. Көрсетілген медициналық көмек үшін төленген қаражаттың жалпы сомасы 2,97 млрд теңгені құрады.
Ақы төлеудің толық циклі медициналық көмектің 92 түрі мен кіші түрінің 20-сы бойынша сынақтан өткізілді.
Тағы 60 түрі мен кіші түрі бойынша тестілеу 16 медициналық ұйымның базасында жалғасуда.
Апробация аяқталуына қарай пилоттық жоба кезең-кезеңімен масштабталатын болады.
 
МӘМС  жарналары қалай және қайда жасалады

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 28.08.2026 в 15:38