Медициналық ұйымға баруды QR-код арқылы растау
Медициналық ұйымға баруды QR-код арқылы растау денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бақылаудың маңызды элементі болып табылады. Бұл механизм пациенттердің тікелей қатысуын ескеруге және азаматтардың медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Әрбір медициналық ұйымға Qalqan цифрлық сервисінде арнайы QR-код беріледі. Пациент оны eGov Mobile қосымшасы арқылы сканерлеп, өзінің медициналық ұйымға барғанын растай алады. Алдағы уақытта бұл функционалды екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына да енгізу жоспарлануда.
Пациенттің жеке кабинетінде медициналық ұйымға барғаны және көрсетілген медициналық қызметтер туралы мәліметтер көрсетілетін болады. Егер ақпарат іс жүзінде алынған медициналық көмекке сәйкес келмесе, азамат бұл туралы хабарлай алады және анықталған сәйкессіздікке назар аудара алады.
Сонымен қатар, пациенттердің растауларын медициналық ұйымдардың қызметін бағалау критерийлерінің бірі ретінде ескеру жоспарлануда.
Осылайша, азаматтардың тікелей қатысуы мен кері байланысы медициналық көмектің сапасын, ашықтығын және тиімділігін бақылау жүйесінің маңызды бөлігіне айналады.
Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Комментариев нет
Просмотров нет