ЦИФРЛЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
ЦИФРЛЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
28 тамызда «Aqyl Alem» компаниясы әзірлеген «e-talapker» цифрлық кәсіби бағдар беру платформасының онлайн таныстырылымы өтті.
Платформа 7–11 сынып оқушыларына арналған және оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері мен кәсіби бейімділіктерін анықтауға, сондай-ақ одан әрі білім алу бағытын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
Таныстырылым барысында қатысушылар платформаның негізгі мүмкіндіктерімен танысты:
- кәсіби бағдар беру тесті және «Қазақстанның болашақ мамандықтар атласы»;
- мықты құзыреттер мен кәсіби бағыттарды анықтау;
- Қазақстандағы мамандықтар мен жоғары оқу орындары туралы ақпарат;
- оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын мониторингілеу құралдары.
Іс-шараға білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, кәсіби бағдар берушілер, әдіскерлер және кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты мамандар қатысты.
#КәсібиБағдар #ОқушыларғаКәсібиБағдар #ӘдістемелікОрталық #СҚО