Меню KDT

БАЛАЛАРДАҒЫ СЕМІРІП КЕТУДІҢ АЛДЫН АЛУ

Артық салмақсыз балалық шақ - аурусыз болашақ!
 
Қазақстандағы әрбір 5 баланың 1-інде артық салмақ немесе семіздік бар.
Сын айтпай қолдау
Баланы күш-жігері мен талпынысы үшін мақтаңыз, оның денсаулығына пайдалы әдеттерін қолдаңыз. Салмағына назар аудармаңыз.
Үлгі болыңыз
Дене белсенділігімен айналысыңыз және бүкіл отбасы болып көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз.
Азық-түлікке бірге барыңыз
Балаларды дүкенге өзіңізбен бірге алыңыз. Оларға жаңа көкөністер мен жемістерді таңдату арқылы пайдалы таңдау жасауға үйретіңіз.
Бірге дайындаңыз
Тамақты бірге дайындау - бұл көңілді, дәмді әрі үнемді. Балаларға пайдалы және құнарлы тағамның да жағымды болуы мүмкін екенін көрсетіңіз.
Отбасылық дастарқан
Бір дастарқан басында бірге тамақтаныңыз. Бұл отбасындағы байланысты нығайтып, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға көмектеседі.
Порция мөлшерін бақылау
Артық тамақтанудың алдын алу үшін порциялардың мөлшеріне назар аударыңыз.
Тамақ - сыйлық емес
Тамақты баланы марапаттау тәсіліне айналдырмаңыз. Оның орнына баланы көңіл бөлу, ойын, серуендеу немесе мақтау арқылы марапаттаңыз.
Су ішіңіз
Балаларға су немесе майы аз сүт ұсыныңыз. Құрамында қанты қосылған тәтті газдалған сусындар мен шырындардан бас тартыңыз.
Экран аз - қозғалыс көп
Балалардың гаджет алдында өткізетін уақытын қысқартыңыз. Оның орнына таза ауадағы серуенді, ойындарды және белсенді жаттығуларды ұсыныңыз.
Қаныққан ұйқы
Балаға жеткілікті ұзақ ұйықтауға жағдай жасаңыз. Толыққанды ұйқы баланың дені сау болып өсуіне және қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі.
 
Салауатты әдеттер отбасында қалыптасады!
Сүйіспеншілік, қолдау, дұрыс тамақтану, қозғалыс және толыққанды ұйқы - баланың денсаулығының негізі.
Балалардағы семіздік ересек өмірде ауыр инфекциялық емес ауруларға әкелуі мүмкін.
 
МӘМС  жарналары қалай және қайда жасалады

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 31.08.2026 в 16:04