БАЛАЛАРДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
БЦЖ вакцинасы және Манту сынамасы
Туберкулез - жұқпалы ауру, ол әсіресе ерте жастағы балалар үшін қауіпті. Аурудың алдын алуда БЦЖ вакцинациясы және уақтылы диагностикалық тексеру маңызды рөл атқарады.
💉 БЦЖ вакцинациясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, БЦЖ вакцинасы жаңа туған нәрестелерге өмірінің алғашқы 1–4 күнінде енгізіледі.
БЦЖ вакцинасы туберкулезді жұқтырудан әрдайым толық қорғай бермейді, алайда ол кішкентай балаларды аурудың ауыр және өмірге қауіпті түрлерінен, ең алдымен туберкулездік менингит пен диссеминирленген туберкулезден қорғауға көмектеседі.
Мұндай түрлер көбінесе 5 жасқа дейінгі балаларда дамиды және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
🔬 Манту сынамасы
Манту сынамасы - бұл вакцина емес, диагностикалық тест.
Ол ағзаның туберкулез микобактерияларымен байланыста болғанын анықтауға көмектеседі.

Егер БЦЖ вакцинасы перзентханада жасалмаған болса, Манту сынамасы 2 айдан асқан балаларға жүргізіледі.
Күмәнді немесе оң нәтиже болған жағдайда вакцинация кейінге қалдырылады, ал бала фтизиатр дәрігердің кеңесіне жіберіледі.
👧 Манту сынамасы кімдерге жыл сайын жүргізіледі?
Жыл сайынғы тексеруден қауіп тобына жататын балалар өтеді:
иммун тапшылығы және созылмалы аурулары бар балалар;
әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар;
БЦЖ вакцинасы жасалмаған 2 айдан асқан балалар;
БЦЖ вакцинациясынан кейін қалыптасқан тыртықшасы жоқ балалар.
Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған балаларға Манту сынамасы жылына екі рет жүргізіледі.
🧪 АТР тесті дегеніміз не?
АТР - қосымша диагностикалық тест, ол Манту сынамасынан кейін нәтижені нақтылау және туберкулезбен ықтимал жұқтыруды жоққа шығару мақсатында жүргізіледі.
❤️ Баланың денсаулығына қамқорлық жасауды алдын алудан бастаңыз
Уақтылы вакцинациялау, тұрақты тексеруден өту және қажет болған жағдайда маманға жүгіну ықтимал жұқтыруды дер кезінде анықтауға және туберкулездің ауыр түрлерінің даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
БЦЖ вакцинациясы, туберкулезді диагностикалау және қарсы көрсетілімдер туралы толық ақпаратты мына сайттан табуға болады: WWW.EGU.KZ
Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

Комментариев нет
Просмотров нет