Меню KDT

ШГ №69 Кемел Ақышев атындағы мектеп-гимназиясының 2026–2027 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы


 

    24.08.2026 жыл

Құрметті ата-аналар, педагогтер және қоғам өкілдері!

Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының әкімшілігі Қамқоршылық кеңестің 2 (екі) мүшесін қабылдау және Қамқоршылық        кеңестің құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымына материалдық-техникалық базаны дамытуға, білім сапасын арттыруға және білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісіне қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу мақсатында жұмыс жүргізеді.

Қамқоршылық кеңестің құрамына төмендегі азаматтар шақырылады:

  • жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  • коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
  • жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
  • ата-аналар қауымдастығының өкілдері.


Құрметті ата-аналар!

Сіздерді Қамқоршылық кеңестің құрамына кандидаттар бойынша өз ұсыныстарыңызды білдіруге шақырамыз.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 9 қыркүйекке дейін қоса алғанда.

Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына танысуға болады.

Байланыс ақпараты

Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 57-75-80
Мектеп директоры Кайрлиева Г.Е.: 8 775 578 81 06
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Абишева А.М.: 8 701 921 90 32
Қамқоршылық кеңестің хатшысы Толукпаева Ж.Ж.: 8 747 918 71 43
Электрондық пошта: 69_astana@mail.ru

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: 69mektep
Сайт: 69school-gymnaziya.kz
Добавлено: 08.09.2026 в 16:17