Меню KDT

Түркістан облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Атырау облысында өткен «Ғасырлық жады- Ұлтқа аманат» атты көшпелі архивтік – құжаттық көрме


2026 жылы 7-ші қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі архив ісінің -100 жылдық мерейтойы аясында Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер баскармасының Түркістан облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Ғасырлық жады - Ұлтқа аманат» атты көшпелі архивтік - құжаттық көрме өтті.

Көрменің ашылу салтанаты бойынша алғашқы сөз Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы міндетін атқарушы Саян Меденұлына, келесі сөз кезегі Түркістан облысы мемлекеттік архивінің басшысы Гүлнар Сәдібекқызы Шардарбековаға берілді.

           Көрменің мақсаты - Түркістан өңір тарихының маңызды белестерін, архив саласының даму жолына үлес қосқан тұлғалардың құжаттық мұрасын кеңінен насихаттау.

         Көрмеде 1926 жылдан бастау алатын архив қорындағы бірегей құжаттар, фотосуреттер мен тарихи деректер тұңғыш рет Атырау тұрғындары мен қонақтарына ұсынылып отырғандығын жеткізді.

«Ғасырлық жады - Ұлтқа аманат» атты көшпелі архивтік-құжаттық көрмені Түркістан облысының мемлекеттік архиві Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және  сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің архив қоймасының меңгерушісі Шыганбаев Данияр Кунболходжаұлы, Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік  архивінің Архив құжаттарын пайдалану және жариялау, жинақтау бөлімінің басшысы Гүлнұр Тұрсынбекқызы Әмзеева және Түркістан қаласы мемлекеттік архивінің қойма меңгерушісі Айжан Бақытқызы Шыныбай таныстырды.

Көрмеге қатысушылар Түркістан облысының мемлекеттік архивінің ғасырлық тойы қарсаңында дайындалған тарихи құнды құжаттар топтамасына куә болып, алған әсерлері туралы ой бөлісті.

         Көрмеге қатысушыларға шағын концерттік нөмірлер ұсынылды.

Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысының міндетін атқарушы Баянсұлу Рамазанқызы Әміржанова Түркістан өңірінен келген әріптестерге және көрмені тамашалаушыларға қатысқандары үшін ұжым атынан ризашылығын білдірді.

 Көшпелі көрме қорытындыланып, БАҚ өкілдеріне сұхбат беріліп, естелікке фотосуретке түсті.

«Ғасырлық жады - Ұлтқа аманат» атты көшпелі архивтік-құжаттық көрмесі түстен кейін Атырау облысының жастары мен студенттері үшін жалғасын тапты. Танымдық іс-шараның алғашқы құттықтау сөзін Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Асқарұлы Сұлтанов алып, сөз кезегін Түркістан облысы мемлекеттік архивінің басшысы Гүлнар Сәдібекқызы Шардарбекова жалғастырды.

«Ғасырлық жады - Ұлтқа аманат» атты көшпелі архивтік-құжаттық көрмені Түркістан облысының мемлекеттік архиві Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және  сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің архив қоймасының меңгерушісі Данияр Күнболходжаұлы Шыганбаев, Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік  архивінің Архив құжаттарын пайдалану және жариялау, жинақтау бөлімінің басшысы Гүлнұр  Тұрсынбекқызы Әмзеева және Түркістан қаласы мемлекеттік архивінің қойма меңгерушісі Айжан Бақытқызы Шыныбай таныстырды.

Көрмеге қатысушы жастар Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының өнерпаздарының орындауында концерттік нөмірлерді тамашалады.

Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Тұрсын Жұмабекқызы Қалимова шараны қорытындылап, қатысушы қонақтар мен жастарға, студенттерге ризашылығын білдірді. Шара барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берілді.

«Ғасырлық жады - Ұлтқа аманат» атты көшпелі архивтік-құжаттық көрмеге - 447 адам қатысты.

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: arhivatyrau.kdt.kz
Добавлено: 08.09.2026 в 17:19