🎓PISA-2025: Солтүстік Қазақстан облысы — білім сапасындағы көшбасшылар қатарында!
🎓PISA-2025: Солтүстік Қазақстан облысы — білім сапасындағы көшбасшылар қатарында!
📊15 жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың маңызды құралдарының бірі — PISA-2025 халықаралық зерттеуінің нәтижелері жарияланды.
🏫Солтүстік Қазақстан облысында зерттеуге 46 білім беру ұйымынан 995 білім алушы қатысты. Оның ішінде облыс аудандарындағы 31 мектеп, Петропавл қаласындағы 12 мектеп және 3 колледж бар.
🏆PISA-2025 қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы ең жоғары нәтиже көрсеткен өңірлердің қатарына енді. Облыс білім алушылары зерттеудің үш негізгі бағытының барлығы бойынша республикалық көрсеткіштерден жоғары нәтиже көрсетті.
🔬Әсіресе, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша нәтиже ерекше атап өтуге тұрарлық. PISA-2025 циклінде бұл зерттеудің негізгі бағыты болды. Осы бағыт бойынша Солтүстік Қазақстан облысының 15 жастағы білім алушылары Қазақстан Республикасындағы ең үздік нәтижені көрсетті!
🌟Бұл — өңірдегі білім сапасының жоғары деңгейін, оқушылардың білімге деген ұмтылысын және олардың әлеуетін айқын көрсететін маңызды жетістік.
Барша қатысушыларды осы жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жетіп, сенімді қадаммен алға ұмтыла берулеріңізге тілектеспіз!
Солтүстік Қазақстан — білімді ұрпақ, биік нәтиже, жарқын болашақ!8 мин.
Комментариев нет
Просмотров: 6