😍 ЕРКЕ ЕРТІСТІҢ ЖАҒАСЫНДА — «ЕРТІС-БАЯН» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ! 🎭
25–30 қыркүйек аралығында Павлодарда «Ертіс-Баян» ІІ республикалық театрлар фестивалі өтеді.
Фестиваль Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының негізін қалаушы, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпеновтің туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылады.
Фестивальдің сараптамалық комиссиясы 30-дан астам театрдан келіп түскен өтінімдердің ішінен 11 қойылымды іріктеп алды.
25–30 қыркүйек күндері таңдалған спектакльдерді Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры мен А. П. Чехов атындағы облыстық орыс драма театрының сахналарынан тамашалай аласыздар. ✨
🎫 Билеттерді Ж. Аймауытов және А. П. Чехов театрларының кассаларынан алуға болады.
🎟️ Онлайн билеттер:
www.kmdt.kz
www.ticketon.kz
Театр өнерінің таңдаулы қойылымдарын тамашалап, фестивальге бірге куә болыңыздар! 🫶🏻
#Аймауытовтеатры
#ЕртісБаян
#37маусым