Меню KDT

«Отбасы апталығы» аясында — «Ғасырлар сабақтастығы»


М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Отбасы апталығы» аясында «Ғасырлар сабақтастығы» тақырыбында тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шара барысында оқушыларымыз ардагер ұстаздарымызбен бірге халқымыздың ежелден келе жатқан бауырсақ пісіру дәстүрі бойынша шеберлік сағатына қатысты.  Үлкен ұстаздарымыз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық тағамның жасалу жолын көрсетіп, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарының маңызын түсіндірді. Бұл шеберлік сағаты — ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын, үлкеннің өнегесін кішіге жеткізетін, ұлттық дәстүрді дәріптейтін ерекше кездесу болды.
Дәстүр — ұрпаққа аманат.
Ал аманатты сақтау — әр ұрпақтың парызы! ВИДЕО


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: 65mektep
Сайт: 65astana-bilim.edu.kz
Добавлено: 12.09.2026 в 13:01