Лимфома: уақтылы диагностика жүргізудің маңызы
Лимфома – бұл уақтылы диагностикалау мен емдеуді қажет ететін лимфа жүйесінің онкологиялық ауруы. Ауру лимфа түйіндерінде және басқа да ағзаларда пайда болуы мүмкін.
Ең жиі кездесетін белгілердің бірі – мойын, қолтық немесе шап аймағындағы лимфа түйіндерінің ауырсынусыз ұлғаюы болуы мүмкін. Сондай-ақ ұзақ уақытқа созылатын әлсіздік, ешқандай себепсіз дене қызуының көтерілуі, түнгі тершеңдік, себепсіз салмақ жоғалту, терінің қышуы, ұзақ уақытқа созылатын жөтел байқалуы мүмкін.
Бұл белгілердің онкологиялық аурумен әрдайым байланысты бола бермейтінін атап өткен жөн. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы инфекциялар және басқа да жағдайлар кезінде пайда болуы мүмкін. Алайда белгілер сақталған жағдайда дәрігерге жүгініп, тексеруден өту қажет.
Дәрігер қажет болған жағдайда қажетті талдаулар мен қосымша зерттеулер тағайындайды. Диагноз расталған жағдайда әрі қарай емдеуді бейінді мамандар жүргізеді.
Денсаулығыңызды күтіңіз және дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Медициналық көмекке уақтылы жүгіну ауруды ерте кезеңде анықтауға және емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

Комментариев нет
Просмотров нет