Меню KDT

Жасөспірімдерде салауатты өмір салтын қалыптастыру

балалар мен жасөспірімдер жасында мықты денсаулықтың кепілі болып табылады. Салауатты өмір салтын таңдау біздің денсаулығымызды ересек өмірде ұзақ жылдар бойы сақтайды.
ПРОФИЛАКТИКА
➡️ Балалар мен жасөспірімдерге аптаның барлық күндері бойы күніне кемінде 60 минут орташа және жоғары қарқынды дене белсенділігімен айналысу ұсынылады, негізінен аэробты жүктемемен. Бұл белсенді ойындардан бастап спортпен айналысуға дейін кез келген нәрсе болуы мүмкін.
➡️ Аптасына кемінде 3 рет жоғары қарқынды аэробты дене белсенділігіне, сондай-ақ қаңқа-бұлшықет жүйесін нығайтатын жаттығуларға уақыт бөлу ұсынылады.
➡️ Дұрыс тамақтану принциптерін ұстану ұсынылады: күніне кемінде 400 г (5 порция) көкөністер мен жемістерді тұтыну және терең өңдеуден өткен тағам өнімдерін тұтынуды азайту.
➡️ Көбірек су тұтыну ұсынылады.
➡️ Құрамында қант мөлшері жоғары тағам өнімдерін (оның ішінде тәттілендірілген сусындар), трансмайлар мен тұзды тұтынудан бас тарту ұсынылады.
➡️ Отыру немесе жату жағдайында өткізілетін уақытты, әсіресе ойын-сауық мақсатында экран алдында өткізілетін уақытты шектеу керек.
➡️ Темекі шегуден және вейпингтен бас тартыңыз. Жастардың кез келген темекі өнімін = шегілетін, түтінсіз немесе электрондық түрін — пайдалануы қауіпсіз емес. Темекі түтінінде 7000-нан астам химиялық зат болады, олардың кемінде 250-і денсаулыққа зиян келтіреді, ал кемінде 69-ы белгілі канцерогендер болып табылады.
Электрондық темекілерді жастардың пайдалануы никотинге тәуелділіктің даму қаупімен байланысты.
Никотинді балалар мен жасөспірімдердің тұтынуы дамып келе жатқан миға зиянды әсер етеді, оның әртүрлі бөлімдерін зақымдайды, әрі қарай оның қызмет етуіне жағымсыз салдарларға әкеледі және ықтимал түрде оқу қабілетінің бұзылуына және мазасыздықтың артуына әкелуі мүмкін.
 
Ересектердің оң үлгісі
Тамақтану және тұрақты дене белсенділігі мәселелерінде ересектердің (ата-аналардың, мұғалімдердің, жаттықтырушылардың және т.б.) оң үлгісі балалардағы созылмалы аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Балалар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салтын үлгі етіңіз!
 
Балалар мен жасөспірімдерді қорғау
Балалар мен жасөспірімдер әсіресе темекі өнімдерінің, алкогольдің және денсаулыққа зиянды тағам өнімдері мен сусындардың маркетингі мен жарнамасынан қорғауды қажет етеді.
Адал емес маркетингтің әсері жастардың дұрыс емес таңдау жасау ықтималдығын арттырады.

Сақтандырылған азаматтар МӘМС бойынша ЭКО- ға сене ала ма

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 14.09.2026 в 13:50