Меню KDT

«Тіл үйрену – жаңа мүмкіндіктер бастауы»


Тіл үйрену – жаңа мүмкіндіктер бастауы!
Қазақстан халқы тілдері онкүндігі аясында 6 «В» сыныбында «Тіл үйрену – жаңа мүмкіндіктер бастауы» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар тілдер туралы бейне-презентация тамашалап, тіл білімі бойынша блиц-сұраққа белсене қатысты.
Алтыншы сынып оқушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен берілген тапсырмаларды топпен орындады.
Іс-шараға әсіресе мына оқушылар белсенділік танытты:
Гарбовская Каролина, Поспелова Альбина және Пересыпкин Матвей.
Топтық жұмыстың нәтижесіне оқушылар өте риза болды. Іс-шара достық және көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балалар тіл үйренудің маңыздылығын тағы да түсінді.
 
Сурет


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: b147skobilim
Сайт: school7.edu.kz
Добавлено: 15.09.2026 в 10:25