7 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс іс-шара
7 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс іс-шара
Ағылшын тілі пәнінен өткізілген бұл сыныптан тыс іс-шара Тілдер апталығы аясында викторина түрінде ұйымдастырылып, 7 «Б» сынып оқушыларының шет тілін үйренуге деген танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тілдік білімдерін бекіту, коммуникативтік дағдыларын дамыту және топта жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
Викторина барысында оқушылардың лексика, грамматика және елтану бойынша білімдерін тексеруге бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды. Жұмыс топтық форматта жүргізіліп, бұл оқушылардың ынтымақтастығын, өзара көмек көрсетуін және ортақ нәтижеге деген жауапкершілігін дамытуға ықпал етті.
Іс-шара қорытындысы бойынша «The Boys» командасы 1-орынға ие болып, команда мүшелері грамота және шағын сыйлықтармен марапатталды. 2-орынды иеленген «The Girls» командасы да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Іс-шара достық әрі қызықты атмосферада өтіп, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
Комментариев нет
Просмотров: 7