⚜️Заманауи білім беру ортасы – оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер
14–15 қыркүйек күндері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Басқарма төрағасы Л.А. Чинкисбаева жұмыс сапары аясында Уәлиханов, Есіл аудандары мен Шал ақын ауданындағы ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту жобасына қатысатын тірек және шағын жинақты мектептерде болды.
Заманауи білім беру ортасы оқушыларға сапалы білім алуға, шығармашылық, техникалық, зерттеушілік және цифрлық дағдыларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Ауыл мектептерін қолдау – балалардың болашағына және өңірлердің дамуына қосқан маңызды үлес. «Қазақстан халқына» қоры әр баланың өз қабілеті мен әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыруға үлес қосуда.
Комментариев нет
Просмотров: 10