Кітап оқитын ұлт
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонын сапалы түрде жүзеге асыру және жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу мақсатында Сіздерге іріктеу кезеңдерінің шарттары мен жеңімпаздарды анықтау тәртібі бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты жолдаймыз.
Орналастыруға және түсіндіру жұмыстарына арналған ақпарат
«Кітап оқитын ұлт» марафонының бас жүлдесі — еліміздің 10 үздік қатысушысының әрқайсына 10 млн теңгеден!
Елімізде ауқымды республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны барлық өңірлерде қызу жүріп жатыр. Жоба қатысушылары арасынан еліміздің ең үздік 10 жеңімпазы анықталып, олардың әрқайсысына 10 миллион теңге көлемінде бас жүлде беріледі!
Іріктеу механикасы мен марафон кезеңдері:
1. Тіркеу және бастама: Ресми www.reading-nation.kz сайтында 7 байқау бағыты бойынша қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Қатысушылар өз қалауы бойынша бағытты таңдап, 6 ай ішінде 15 кітаптан тұратын тізімді оқиды.
2. Кезеңді іріктеу: Сынақтар мектеп, ұйым, аудан, қала және өңір деңгейлерінде кезең-кезеңімен өткізіледі.
3. Өңірлік кезең (командалық формат): Өңірлік деңгейде қатысушылар командалық есепте сынға түседі. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталады:
o 🥇 1-орын — 600 000 теңге
o 🥈 2-орын — 450 000 теңге
o 🥉 3-орын — 300 000 теңге
1. Жекелей сын («10 оқырман» атағы): Өңірлік кезеңнің жүлдегерлері (1, 2 және 3-орын алғандар — еліміз бойынша шамамен 4 000 қатысушы) жекелей форматта бәсекелестікті жалғастыруға құқық алады. Бұл кезеңде қатысушылар эссе жазып, қазылар алқасының алдында көпшілік алдында таныстырылым жасайды. Іріктеу қорытындысы бойынша 20 өңірдің әрқайсысынан 10 үздік оқырман анықталады.
2. Астанадағы республикалық финал: Еліміздің барлық өңірінен іріктелген 200 мықты финалист (әр өңірден 10 адамнан) елордада бас қосып, тестілеу мен көпшілік алдында сөз сөйлеу сынақтарынан өтеді.
Республикалық финал қорытындысы бойынша марафон қатысушылары арасынан республиканың ТОП-10 үздік жеңімпазы атанып, олардың әрқайсысына 10 миллион теңгеден сыйақы табысталады!