🩷 АИТВ/ЖИТС туралы барлығы
АИТВ - жұқпалы ауру. Оның таралу жолдарын білу және алдын алу шараларын сақтау арқылы инфекцияның алдын алуға болады.
АИТВ инфекциясының берілу жолдары
АИТВ мына жолдар арқылы берілуі мүмкін:
-Парентералды жолмен - тері мен шырышты қабаттардың бүтіндігі бұзылған кезде қан және оның компоненттері арқылы;
-Жыныстық жолмен - қорғаныссыз жыныстық қатынас кезінде;
-Перинаталдық жолмен - анадан балаға жүктілік, босану кезінде немесе емшек сүтімен емізу барысында.
АИТВ қалай берілмейді?
АИТВ күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас кезінде берілмейді:
-ортақ ыдыс пен киімді пайдаланған кезде;
-бассейнге, саунаға және дәретханаға барған кезде;
-сөйлесу, құшақтасу және қол алысу кезінде;
-жөтелу немесе түшкіру арқылы;
-достық сүйісу кезінде;
-жәндіктердің шағуы арқылы.
АИТВ инфекциясының алдын алу
Жұқтыру қаупін азайту үшін:
-есірткі қолданудан бас тартыңыз;
-ерлер мен әйелдерге арналған мүшеқаптарды (презервативтерді) қолданыңыз;
-тек бір рет қолданылатын және стерильді медициналық құралдарды пайдаланыңыз;
-басқа адамның шприцтерін, инелерін және қанмен жанасуы мүмкін басқа да заттарын пайдаланбаңыз;
-АИТВ-ға тұрақты түрде тест тапсырып тұрыңыз.
Білім - қауіпсіздіктің негізі. Денсаулыққа қамқорлық өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға жауапкершілікпен қараудан басталады.
❤️ Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

Комментариев нет
Просмотров нет