Меню KDT

⚜️Ұстаздар күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қатысқан салтанатты іс-шара өтті.


⚜️Ұстаздар күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қатысқан салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Мұғалімдер – ұлттың ұзақ мерзімді прогресінің негізін қалайтын зияткерлік авангард», – деп атап өткен болатын.
Мерекелік шара барысында өңіріміздің бірқатар педагогтері еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін жоғары марапаттарға ие болды. Солардың қатарында «Әдістемелік орталық» әріптесіміз Клюкова Гүлнара Жоламановна «Мағжан Жұмабаев» айрықша белгісімен марапатталды. Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Іс-шара аясында жас педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби ізденістерін танытқан педагогикалық идеялар көрмесі, «Жас маман – жаңа қадам» жас педагогтер қауымдастықтары өкілдерінің және «Жас педагогтердің дебюті» облыстық байқауының үздік қатысушыларының фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның педагогикалық сыныбының болашақ түлектерімен кездесу өтіп, білім саласының болашағы – жас ұрпақпен маңызды ой-пікірлер айтылды.
Бүгінгі шара – ұстаз еңбегін ұлықтап қана қоймай, тәжірибелі педагогтер мен жас мамандардың сабақтастығын нығайтып, педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыра түскен ерекше күн болды.
Ұстаз мәртебесі – ұлт мәртебесі!
Барша әріптестерімізді Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі еселене берсін!


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 05.10.2026 в 21:08