«Қарттарым – асыл қазынам» сынып сағаттары өтті.
М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында ата-әжелердің қатысуымен сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары барысында ата-әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, балаларға ақыл-кеңестерін айтып, өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Оқушылар өз кезегінде ата-әжелеріне деген құрметі мен ыстық ықыласын білдірді. Жылы жүздесулер арқылы оқушылар үлкенді сыйлау, отбасы құндылықтарын қадірлеу мен аға буынның өнегесін бағалаудың маңызын түсінді. Ата-әже – отбасының берекесі, ұрпақтың асыл қазынасы! ВИДЕО
Комментариев нет
Просмотров: 1