Меню KDT

🧠 Психикалық денсаулық - әл-ауқаттың негізі

Психикалық денсаулық - адамның өз әлеуетін жүзеге асыра алатын, күнделікті өмірдегі күйзелістермен қалыпты түрде күресетін, нәтижелі еңбек ететін және қоғам өміріне өз үлесін қоса алатын әл-ауқат жағдайы.
📊 Білу маңызды
-Әрбір төртінші азамат жыл сайын психикалық ауруларға тап болады.
-Ересек тұрғындардың 18,1%-ы психикалық бұзылыстармен өмір сүреді. Олардың ішінде мазасыздық бұзылыстары, обсессивті-компульсивті бұзылыс және жарақаттан кейінгі күйзеліс бұзылысы кездеседі.
-Қазақстанда балалар арасындағы психикалық бұзылыстардың таралуы 2,2%-ды құрайды: 13 000 жасөспірімнің 7 000-ында психикалық және мінез-құлық бұзылыстары анықталған.
🧠 Ең көп кездесетін жағдайлар
Психикалық денсаулыққа байланысты жиі кездесетін мәселелер:
-мазасыздық - 14%;
-ұйқысыздық - 7%;
-депрессия - 7%.
💙 Психикалық денсаулықты қалай нығайтуға болады?
Өзіңіздің эмоционалдық және психологиялық әл-ауқатыңызды сақтау үшін:
🥗 Дұрыс тамақтану қағидаларын ұстаныңыз.
🏃 Белсенді болыңыз және дене қимылына тұрақты түрде уақыт бөліңіз.
🤝 Өзіңіздің көңіл-күйіңіз бен жағдайыңыз туралы сөйлесіңіз. Өзіңіз сенетін адаммен ішкі уайымдарыңызбен бөлісуден қорықпаңыз.
⏰ Өмір ырғағын дұрыс ұйымдастырыңыз: күніңізді алдын ала жоспарлаңыз, жұмыс пен демалысты үйлестіріңіз және күш жинауға уақыт бөліңіз.
👩‍⚕️ Қажет болған жағдайда көмекке жүгініңіз. Медицина және әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне уақытылы жүгіну - денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы.
🌿 Есіңізде болсын!
Психикалық денсаулыққа қамқорлық жасау - өмір сапасына қамқорлық жасау.
Өз уайымыңызбен жалғыз қалмаңыз. Жақын адамдардың қолдауы, ашық әңгіме және мамандардың көмегіне уақытылы жүгіну - психологиялық әл-ауқатқа апаратын маңызды қадамдар.
 
ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан), шетелдіктерге, еңбек мигранттарына арналған медициналық  көмектің көлемімен пайдалана алады.

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 06.10.2026 в 11:47