Меню KDT

📚✨ «12 ай – 12 кітап» жобасы жалғасуда! ✨📚


📚✨ «12 ай – 12 кітап» жобасы жалғасуда! ✨📚

Қыркүйек айында оқылған кітаптар бойынша 5–7 сынып оқушылары арасында видеоролик байқауын жариялаймыз! 🎬📖

🎥 Байқау талаптары:
🔹 Видеороликтің сапасы жоғары болуы қажет;
🔹 Ұзақтығы — 1,5 минут;
🔹 Кітаптың мазмұны толық әрі қызықты ашылуы керек;
🔹 Сахна мәдениеті, шығармашылық шеберлік пен актерлік қабілет ескеріледі;
🔹 Видеоролик арқылы кітапты басқа сыныптарға қызықты түрде насихаттау және жарнамалау маңызды;
🔹 Оқушылардың шығармашылық идеясы мен ерекше тәсілі бағаланады.

🏆 Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады!

📢 Кітапты оқы — кейіпкерлермен бірге өмір сүр, ойыңды ортаға сал, өзгелерді де кітап оқуға шабыттандыр!

🎬 Өз шығармашылығыңды көрсет!
📖 Кітапты насихатта!
🏆 Жеңімпаз атан!

«12 ай – 12 кітап» — бірге оқимыз, бірге дамимыз!


Комментариев нет
Просмотров: 24
Автор: 32mektepgymnazya
Сайт: 32.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.10.2026 в 09:08