Меню KDT

5 қыркүйек күні арнайы шақыру билетімен Президенттік орталықта өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты концертке қатыстық.


5 қыркүйек күні арнайы шақыру билетімен Президенттік орталықта өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты концертке қатыстық.

Концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсер қалдырды. Қазақстанның әр өңірінен келген әріптестерімізге ұстаздық еңбектері үшін медальдарды ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың өзі табыстады.

Ұстаз еңбегінің бағаланып, мемлекет тарапынан құрмет көрсетілуі — барша педагог қауымы үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш!

Осындай тағылымды шараның куәсі болғанымызға ризамыз. Барлық әріптестерімізге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс және шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене берулеріңізді тілейміз! 💐


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: 32mektepgymnazya
Сайт: 32.astana-bilim.kz
Добавлено: 07.10.2026 в 09:15