Меню KDT

⚜️ Педагогикалық сынып — мұғалім мамандығына бастар алғашқы қадам....


⚜️ Педагогикалық сынып — мұғалім мамандығына бастар алғашқы қадам....
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы №2 Новоишим орта мектебінің базасында екінші педагогикалық сыныптың ашылуы өтті. Аудандағы алғашқы педагогикалық сынып 2025 жылы ашылған болатын, бүгінде жоба өз дамуын жалғастыруда.
Салтанатты іс-шара аясында мектеп пен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға Әдістемелік орталықтың директоры Сәркен Р.С. қатысып, жоғары сынып оқушыларын педагогикалық сыныптың ашылуымен құттықтап, болашақ педагогтерге мамандық таңдауда сенімділік, білімге деген ұмтылыс және үнемі дамуға дайын болуды тіледі.
Бүгінде жоба ауқымын кеңейтіп, жоғары сынып оқушыларына педагогикалық мамандықты саналы түрде таңдауға жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Жоба Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ Әдістемелік орталықтың «Кәсіпке қадам» – «Шаг в профессию» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Педагогикалық сынып — бұл мамандықпен жай ғана танысу емес. Бұл — өзін мұғалім рөлінде сынап көруге, кәсіби сынақтардан өтуге, алғашқы практикалық тәжірибе жинақтауға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік.


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 07.10.2026 в 16:22