Жақында мектебімізде Мектеп парламентінің Президентін сайлау өтеді! 📌 Мектепте өз кандидатурасын ұсынған оқушылар таныстырылды. Олар жауапкершілік алып, бастамашылдық танытып, мектеп өмірін дамытуға өз үлестерін қосуға дайын. 💡 Ақпараттық стендтерде кандидаттардың суреттері, сайлауалды бағдарламалары, идеялары мен ұсыныстары орналастырылды. Әр кандидат мектебімізде нені өзгерткісі, жақсартқысы және қандай жаңа бастамаларды жүзеге асырғысы келетінін таныстырды. 🙌 Әр кандидат — жаңа идеялар, мақсаттар мен мектеп өмірін одан әрі қызықты етуге деген ұмтылыс! 🗳️ Жақында оқушылар өз таңдауын жасайды! Барлық кандидаттарға сәттілік тілейміз! 🌟
Жақында мектебімізде Мектеп парламентінің Президентін сайлау өтеді!
Комментариев нет
Просмотров: 7