10 казан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні: өзіңе қамқорлық жасау - өзгеге қамқорлық жасаудың негізі
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында № 5 емхананың психологы А.Ж.Мұқанованың кабинетінде медицина қызметкерлеріне арналған «Өзіңе қамқорлық жасау - өзгеге қамқорлық жасау» тақырыбында тренинг өткізілді.
Іс-шара медицина қызметкерлерінің психологиялық саулығын нығайтуға, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға, стресс деңгейін төмендетуге және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Тренинг барысында қатысушылар психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығын талқылап, эмоционалдық жүктемелерді еңсеру тәжірибелерімен бөлісті және стрессті басқарудың практикалық әдістерімен танысты. Әсіресе босаңсу әдістеріне, ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге және жағымды эмоционалдық көңіл күйді сақтауға ерекше назар аударылды.
Тренинг соңында релаксациялық жаттығулар жүргізіліп, қатысушыларға эмоционалдық шиеленісті азайтуға, жан тыныштығын қалпына келтіруге және бой сергітуге мүмкіндік берілді.
Медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығына қамқорлық жасау - сапалы медициналық көмек көрсетудің маңызды құрамдас бөлігі. Өйткені өзгелерге қамқор болу үшін, ең алдымен, өзіңе қамқорлық жасауды ұмытпаған жөн!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

Комментариев нет
Просмотров нет