Меню KDT

БІЛІМ КҮНІ – 2026

Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай салтанатты саптүзеу ұйымдастырылды.


Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай салтанатты саптүзеу ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар және мектеп ұжымы қатысты. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.
Іс-шараға құрметті қонақтар қатысып, оқушыларға ақжолтай тілектерін білдірді:
🔹 Аудандық мәслихат төрағасы Баумагамбетов С.Т.;
🔹 Аудандық полиция бөлімінің басшысы Харипов М.Е.;
🔹 кәсіпкер, мектеп демеушісі Шаяхин К.Қ.;
🔹 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Искакова Т.Б.;
🔹 Мектепішілік әжелер кеңесінің төрағасы Амангельдиева Т.Ә.
Мектеп директоры Баймагамбетова Б.Ш. ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар алдағы оқу жылына қойылған мақсат-міндеттермен бөлісті.
Салтанатты жиын барысында 2025–2026 оқу жылын үздік аяқтаған 5–10 сынып оқушыларына мақтау қағаздары табысталды. Бұл – оқушылардың білімге деген ұмтылысы мен еңбегінің жарқын нәтижесі.
🌟 Жаңа оқу жылы барша оқушыларға жаңа білім, биік жетістіктер мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін! Ұстаздарға шығармашылық табыс, ата-аналарға амандық, ал жас ұрпаққа сәттілік тілейміз!
Білім күні құтты болсын! 📖✨
#Адал_азамат
#БілімКүні2026


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: b0915skobilim
Сайт: www.b0915.sko-bilim.kz
Добавлено: 01.09.2026 в 09:24