🏆 Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасындағы спартакиада
Медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарын ескере отырып, олардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, сондай-ақ ұлттық спорттық ойындарды дамыту мақсатында 10 қазанда Павлодар ауданының Зангар ауылы маңында Павлодар облысының медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті.
Іс-шара Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушылар эстафета және арқан тарту бойынша екі спорт түрінен бақ сынап, ептілік, жылдамдық, күш-қуат, төзімділік пен командалық бірліктің үлгісін көрсетті.
Біздің медицина қызметкерлері спартакиадаға белсенді қатысып, нағыз командалық рухты, ұйымшылдықты, мақсатқа ұмтылушылықты және жеңіске деген жігерді танытты. Әрбір қатысушы спорттық бәсекелестік, өзара қолдау мен достық атмосферасының қалыптасуына өз үлесін қосты.
Спартакиада медицина қызметкерлеріне өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетуге ғана емес, әріптестер арасындағы кәсіби және достық қарым-қатынасты нығайтуға, күш-қуат жинап, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияларға бөленуге тамаша мүмкіндік болды.
Салауатты өмір салты, белсенділік пен командалық рух — денсаулық пен табыстың кепілі!
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және белсенділіктері, ынта-жігерлері мен жеңіске деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа спорттық жетістіктер және кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!
Бірлігіміз бекем болса, жеңісіміз де ортақ! Жаңа жетістіктер мен жеңістерге бірге қадам басайық! 💪🏅
Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

Комментариев нет
Просмотров нет